Петропавлдық полицейлер ұрыны іздестіруде, – деп жазады polisia.kz. Оқиға 21 желтоқсанда кешке Солнечный ауылындағы 5-ші үйдің жанында болған.
"Қылмыскер 73 жастағы зейнеткердің ішінде 19 миллион теңгесі бар сөмкесін ұрлаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Тонау") бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қарт әйелдің айтуынша, ол қылмыскердің бет-жүзін есіне сақтай алмаған. Алайда шабуыл жасағанның бойы шамамен 170 сантиметр, сырт киімінің ұзындығы белге дейін болғанын айтып берген.