Семей полигоны радиациядан толық тазармаған
Семей полигоны радиациядан толық тазармаған
229
оқылды
2024 жылы Семейдегі сы­нақ полигонын радиациядан тазартудың жаңа жобасы бас­талуы мүмкін. Жоспар бойын­ша бүлінген жердің беткі қа­батындағы топырақ сүріледі. Яғни, 100 мың текше метр то­пырақ арнайы жерге көмі­леді немесе сақталады. Бұл жайлы «Семей ядролық қауіп­сіздік аймағы туралы» заң жобасын талқылау кезінде айтылды.  Жаңа ережені Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды. Айтуынша, Семей полигонының аумағы үш облыс жерінде жатыр. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кедергі келтіреді. Радиациялық аймаққа тұрғындар еркін кіріп-шығып жүр. Аймақта 139 шаруашылық бар екен. Оның 70-ке жуығында адам тұрады, көбі малшы. Бұған қоса, жүйелі тексеру жүргізілмегендіктен, жер тиімді пайдаланылмай келеді. Осыған байланысты заң жобасы әзірлен­ген. Талқылау барысында депу­таттар толықтыру қажет тұстарды атады. – Заң жобасы бойынша радиа­циямен жоғары деңгейде зақым­данған учаскелердің шекаралары анықталып, оператордың құзыры­на берілмек, сол аумақтарда жалға, жекеменшікке берілген учаскелер бар ма? Егер ондай жер учаскелері анықталған жағдайда оларды қай­тару механизмдері қол­да­ныс­та­ғы заңдарда қарас­тырыл­ған ба? Жал­пы, ядролық полигонға қатыс­ты жер учаскелері заң жоба­сында, Жер кодексінде және қосымша заң­­дарда қаралған ба? Осы сұрақ­тарды терең зерттеп, қажет болса заң жобасына енгізуіміз керек, – деді Парламент Мәжілісінің де­путаты Еділ Жаңбыршин.

М.ХАҚНАЗАР