Биыл жүзден аса адам пойыз астына түскен
Биыл жүзден аса адам пойыз астына түскен
Фото: news.myseldon.com
199
оқылды

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, пойызды шұғыл тоқтатуға қатысты 2 482 факті тіркелді. Оның ішінде, теміржолда адамның жүруіне байланысты – 504, малға қатысты 1 884 факті тіркелген.

Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекиев: «Қостанай облысы «Қойбағар-Құсмұрын» өткелінде «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы 2 жылқыны басып кетті. Мал иесіне жол ережесін сақтамағаны үшін 14 585 теңге айыппұл салынды. Пойыз 45 минут бойы жолда тұрып қалды», – деді.
Оның айтуынша, 11 айда теміржолды кесіп өткені үшін 25 112 адам жауапқа тартылды.

Биыл 108 азамат пойыз астына түскен, оның жартысынан көбі көз жұмды.