«Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясы кинотеатрдан тегін көрсетілді
«Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясы кинотеатрдан тегін көрсетілді
288
оқылды

Solva (IDF Eurasia) компаниясы Нұр-Сұлтан қаласында «Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясының қайырымдылық көрсетілімін өткізді.

Кеше мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясының қайырымдылық көрсетілімі өтті.    width=

«Жаңа жылда адамдар сиқыр мен таңғажайыпқа сенеді. Біз қамқорлық күтетін адамдарға қуаныш сыйлаймыз деп шешім қабылдадық. Жаңажылдық және мерекелік көңіл күй сыйлау үшін Solva компаниясы отбасылық комедияны тегін көрсетті. Біздің іс-шарамыз барлығына оң эмоция сыйлап, мереке жарқын энергетикаға толы болады деп сенеміз», – деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.

«Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясы қарапайым қазақстандық отбасының өмірі туралы ғана емес, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты баяндайды. Фильм «Керуен» сауда орталығында орналасқан Kinopark-те көрсетілді. Көрерменге ыңғайлы болуы үшін күндізгі сағат 13:00-де және 16:00-де екі сеанс ұйымдастырылды. Бұған қоса барлығына Жаңа жылға арналған дәстүрлі сыйлық ретінде тәтті сюрприз таратты. Solva компаниясы әрдайым әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді. Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы шеңберінде осы жылы IteachMe қоғамдық қорымен бірлесе отырып, мүгедек адамдарға арналған қаржылық сауаттылық курстарын ұйымдастырып келеді. Семинарларға Ұлттық банктің қолдауымен және танымал қаржыгерлер мен менторлар қатысты. Бұған қоса аутизм секілді ауруға шалдыққанды оқытумен айналысатын «Милосердие» қорының көгалдандыру жобасына қатысып келеді. Бұл жобаның мақсаты – ағаш отырғызу ғана емес, «ерекше» балаларды қоғамға тарту және бейімдеу.

«Әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету – біздің бизнесіміздің ажырамас бөлігі. Біз заманауи компания коммерциялық табысқа ғана емес, қоғамға пайдалы қызмет атқаруға ұмтылуы тиіс деп есептейміз. Solva мүшесі болып табылатын IDF Eurasia компаниялар тобы тұрақты негізде Қазақстанда ғана емес, Ресейде де түрлі әлеуметтік пайдалы кампанияларға қатысады. Біз мұны келесі жылы да жалғастырамыз», – деді Анна Максимова.

Оның ішінде компания халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қаржылық сауаттылық бойынша бірнеше жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Мұндай шаралар шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған. Алдағы жобалар туралы толығырақ ақпарат 2022 жылы жарияланады.