Бекшин алматылықтар омикрон штамымен қашан ауыратынын айтты
Бекшин алматылықтар омикрон штамымен қашан ауыратынын айтты
189
оқылды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңадан пайда болған омикрон штамы туралы жаңа болжамын айтты. Арнайы брифинг өткізген Бекшин омикрон штамының қауіпті екенін айтып, мегаполис тұрғындарын осы сынаққа дайын болуы керегін ескертті. Ол үшін екпе алу керек деп атап өтті. – Алматыда омикрон штамы толқыны сөзсіз болады. 2022 жылдың қаңтар айының ортасында дельта нұсқасын біртіндеп ауыстыратын омикрон басым болады деп күтілуде. Бесінші толқын келер жылдың наурыз айының ортасында шарықтау шегіне жетеді, – дейді Бекшин. Ол сонымен қатар алдағы Жаңа жыл мерекесі кезінде адам көп жиналатын орындарға баруды шектеуді, банкеттерге мейлінше бармауды ұсынды. Оның айтуынша жаңа жылды отбасымен қарсы алған жөн. Қаланың бас санитарының пікірінше, жаңажылдық мерекелер коронавирустың таралуына себеп болуы мүмкін екен.