Атырауда абақтыға дрон арқылы телефон өткізбек болды
Атырауда абақтыға дрон арқылы телефон өткізбек болды
Фото: polisia.kz
128
оқылды

Атырауда ер адамдар жазасын өтеп жатқан абақтыға дрон арқылы телефон өткізбек болды, – деп жазады Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат шамамен 19:00-де аспанда дронның ұшып жүргенін байқаған. Қызметкерлер дронның жерге төмендеуін аңдып тұрып, құрылғыны қолға түсірді. Дронға байланған телефонды алды. Ұялы телефонмен бірге 2 дана USB де тергеу органдарына жолданды.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова уақытша ұстау изоляторына қайта қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.