Елордадағы ең қымбат үйлер
Елордадағы ең қымбат үйлер
606
оқылды

Батыстың киноларынан көріп жүрген зәулім үйлер, бай-бағландар мен танымал жұлдыздардың кең пәтерлері бізге де жетті. Еліміздің астанасында мұндай баспаналар өте көп. Сондықтан Forbes Kazakhstan жасаған ең қымбат үйлердің рейтингісін ұсынып отырмыз.

[caption id="attachment_176911" align="alignnone" width="1200"]үй tengrinews.kz[/caption]

Бұл тізімнің басында Есіл өзенінің сол жағалауындағы BI Village Deluxe атты коттеджді қалашығы тұр. Әр коттедждің аумағы – 450,36 –451,69 ш.м. Ал оның бір шаршы метрі  1,2 миллион теңгеден басталады.

Осыдан-ақ бұл үй табысты, қалталыларға арналғаны анық. Себебі үй ішінің жобасын үй иесі қалауына қарай жасай алады. Есіл ауданына қарайтын бұл тұрғынүй кешені Фариза Оңғарсынова мен Қасым Қайсенов көшелерінің қиылысында орналасқан. Биыл ғана тұрғызылса да, сатылымда тек үш-ақ пәтер қалған. [caption id="attachment_176922" align="alignnone" width="1200"]үй ©saranda-village.kz[/caption] Есіл ауданының 38-ші көшесінде орналасқан Saranda тұрғынүй кешені бар. Оның бір шаршы метрі – 975 мың теңге. Швейцариялық Mabetex компаниясы бұл кешенді бизнес-класс қалашығы ретінде тұрғызған. Сол үшін тұрғынүй ботаникалық баққа жақын орналасқан. Сондықтан үйдің маңайы көк желекке толы. Оның үстіне, адам демалатындай тыныштықтың ортасы. Екінші жағынан тіршілігі қайнап жатқан қала орталығынан да алыс емес. [caption id="attachment_176923" align="alignnone" width="1200"]үй ©2gis.kz[/caption] Мұнда барлығы – 21 пәтер. Аумағы 113,7 шаршы метрден басталып, 289,4 шаршы метрге дейін барады. [caption id="attachment_176925" align="alignnone" width="1200"]үй ©forbes.kz[/caption] Үшінші орында BI Group эксклюзивті жобасы – Akbulak Riviera премиум-класты апартаменттер кешені. Тұрғынүй астананың қақ ортасында, Есіл мен Ақбұлақ өзендерінің түйіскен тұсында, Амман көшесінің бойында орналасқан. [caption id="attachment_176926" align="alignnone" width="1200"]үй ©seenus.org[/caption] Құрылысы 2022 жылы бітпек. Соған қарамастан қазірдің өзінде 28 пәтер сатылымға шыққан. Шаршы метрі – 887 мың теңге. Ал пәтердің аумағы 94,24-436,95 ш.м. дейін барады. [caption id="attachment_176929" align="alignnone" width="1200"]үй ©YouTube[/caption] 2018 жылы тұрғызылған болса да әлі құнын жоғалтпаған тұрғынүй кешені – Baisanat. 116 пәтердің бәрі сатылып кеткен. Қазір сатылымға қойылғаны бесеу ғана. Шаршы метрі – 850 мың теңгеге бағаланып отыр. Кішкентай пәтерің 73 миллионға шығады. Ал оның аумағы – 86,17 ш.м. Ең үлкен пәтердің аумағы – 325 шаршы метр. [caption id="attachment_176930" align="alignnone" width="1200"]үй ©kn.kz[/caption] Бұл элиталық үйде бүкіл ұсақ-түйектің бәрі ойластырылған. Тіпті, ауладан әр пәтерге жеке кіреберісі бар. Баспана Қарашаш ана көшесі, 16-да орналасқан. [caption id="attachment_176933" align="alignnone" width="1200"]үй ©korter.kz[/caption] Апарт-отель YE`S кешенінен пәтер сатып алған адам бірден бизнес бастап, қонақүй ісінің инвесторына айнылды деуге болады. Өйткені пәтер қонақүйдің жылжымайтын мүлкі. Түркістан көшесінде орналасқан үйдің бір шаршы метрі – 696 мың теңге. Өзінің аумағы (25-56 ш.м.) да кішкентай екен. Қазір бұл кешенде сатылатын пәтер жоқ. [caption id="attachment_176934" align="alignnone" width="1200"]үй ©zen.yandex.ru[/caption]