Кеше кешкі сағат 16:36 шамасында Қызылорда қаласындағы Т.Елемесов көшесіндегі 6а тұрғын үйінде өрт шыққаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама түскен.
Шақырту бойынша оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметкерлері төбе жабыны толық жанып жатқан жер үйге барлау жұмыстарын жүргізеді. Үйді газдан ажыратып, өрт ошағынан 1962 жылғы ер адамның мәйітін алып шыққан.– Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына тез арада жетіп, өртті ауыздықтады. Бұл жұмысқа мекеменің 30 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Алайда, үй иесін тілсіз жаудан аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен шығыны анықталуда, – дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.