Павлодарда қыз алып қашқан жігіт ұсталды
Павлодарда қыз алып қашқан жігіт ұсталды
Фото: twitter.com
147
оқылды

Полицейлер қыз алып қашқан жігітті ұстады. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Шағымданған адам полицейлерге түскі ас ішу үшін достарымен бірге кафеде кездескенін айтқан. Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі құрбысын сөйлесу үшін кафеден сыртқа алып шыққан. Содан кейін жастар қаланы аралап, бір сағаттан кейін келетін болып келіскен. Біршама уақыттан соң шағымданушыға құрбысын алып қашып кеткенін, бір айдан кейін үйлену тойы болатынын айтқан. Факті бойынша ҚК-нің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды.

Жуырда Қостанайдан Шымкентке «қалыңдық әкелемін» деп барған Жұмабаев Полиция департаментінде көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.