Түрікменстанда Қазақстаннан келген 4 адамнан коронавирустың жаңа түрі "омикрон" анықталды, – деп хабарлады Аzattyq.
Жаңа штамм елдің батысындағы Балқан велаятында анықталды.
"Бекдаш карантиндік аумағында Қазақстаннан келген біздің 4 азаматымыздың Covid-19-дың "омикрон" нұсқасын жұқтырғаны белгілі болды", – делінген БАҚ-та жарияланған ақпаратта.Түрікмен-қазақ шекарасы 2 апта бұрын ашылып, Түрікменстан азаматтарына елге кіруге рұқсат берілген. Осы оқиғадан кейін шекара қайтадан жабылды.