Хакасия соты қазақстандық журналист Назгүл Кенжетайды қамаудан босатты
Хакасия соты қазақстандық журналист Назгүл Кенжетайды қамаудан босатты
© turkystan.kz
187
оқылды
Апелляциялық комиссия GZT түрік басылымының редакторлары – қазақстандық журналист Назгүл Кенжетай мен Түркия азаматы Эмин Карачакты босату туралы шешім шығарды. Бұл туралы  белгілі қорғаушы Абзал Құспан Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Жаңа жыл алдындағы сүйінші хабар!
Қазір ғана хакастық әріптесім Аяс Тюньдешев бауырымнан хабар алдым. Бүгін, жоқ, осы қазір, апелляциялық алқа Назгүл Кенжетай қарындасымыз бен түркиялық бауырымыз Мухаммет Эминді босату туралы шешім қабылдады.
Осы жолы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне респект. Досай аға, жеңіс құтты болсын!", – деп жазды ол.