Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы спорттан 4 жылға шеттетілді
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы спорттан 4 жылға шеттетілді
Photo by Chris Unger/Zuffa LLC/Getty Images)
154
оқылды
Аралас жекпе-жектің бразилиялық шебері, UFC ұйымының 40 жастағы ардагері Мишель Празерес допинг-тесттен өте алмады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Сараптама қорытындысы оның қанында кломифен, оксандролон мен экзогенді тестостерон барын көрсеткен. USADA (америкалық допингке қарсы агенттік) спортшыны төрт жылға шеттеді. 2020 жылдың басында тәжірибелі бразилиялық файтер тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін шеттетілген еді. Еске салайық, Рахмоновтың өзі келесі жекпе-жегін 2022 жылдың ақпанында Гайана өкілі Карлсон Харриске (17-4) қарсы өткізеді.