Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталғаны туралы хабар тараған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл фейк. "Омикрон" жоқ", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде «омикронның» анықталғаны туралы ақпарат жалған екенін айтқан.