Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде және таңертең облыс орталығында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. Қарағанды облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 25-27 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.