Numbeo сарапшыларының мәліметінше, Қазақстан ипотеканың қолжетімділігі туралы халықаралық рейтингте 71-орынға жайғасты. Тізімде барлығы – 111 мемлекет. Ал ипотеканың қолжетімділік индексі 0,7 болды, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Тізімде келесі мемлекеттер көш бастап тұр:
- 1-орын – Біріккен Араб Әмірлігі, индексі – 5,1;
- 2-орын – АҚШ, индексі – 3,4;
- 3-орын – Пуэрто-Рико, индексі – 3,1.
Ал керісінше соңғы орындар келесі елдерге тиесілі:
- Иран – 109-орын, индексі – 0,13;
- Аргентина – 110-орын, индексі – 0,09;
- Гана – 111-орын, индексі – 0,04.
ТМД құрамында бар және бұрын болған мемлекеттер арасында Молдованың Қазақстанға қарағанда көрсеткіші жақсы: 65-орын, индексі – 0,79. Ал қалған мемлекеттердің көрсеткіші төмен. Әсіресе, Өзбекстан тізімде 104-орынға жайғасты, индексі – 0,28.
Жалпы алғанда ҚР-да ипотекаға қатысты шешілмеген мәселе көп – жоқ дегенде жеке тұлғаларға арналған коммерциялық ипотекалармен байланысты. Мұндай өнімді Қазақстанда 10 екінші деңгейлі банк ұсынады. Ал орташа жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,07 пайызды құрайды. Тіпті бұл өнімдер бойынша ең төменгі ЖТСМ – 12%. Ең жоғарғысы 26,5 пайызға дейін жетеді. Мемлекеттік бағдарламалардан тыс коммерциялық
ипотека беру мерзімі 60 айдан бастап 240 айға дейін созылады.