Қазақстанға келген туристер саны 47% азайды
Қазақстанға келген туристер саны 47% азайды
Сурет: tohology.com
348
оқылды

Қазақстанға шетелден келетін туристер азайды. Бірақ соған қарамастан олардан түсетін табыс көбейді, - деп хабарлайды LS.

Статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елге келген туристер саны былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 46,8% аз. Қазақстанға жалпы саны 949,4 мың шетелдік келген. Ал ішкі туризм 64,6% өсіп, 3,9 млн адамға жетсе, шетелге шығушылар саны 4,9% ғана көбейіп, 2,5 млн болды. Аталған уақыт аралығында қонақүйлер 4,1 млн адамды қабылдап, 78,9 млрд теңгенің қызметін көрсетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 59,4% көп. Қазір ел бойынша 3,7 мың қонақүй мен хостел бар. Олардағы нөмір саны – 79,9 мың. Орын саны – 191,6 мың. Ал шипажайлар 1,9 млн ішкі турист пен 109,8 мың шетелдікті қабылдап, 42,8 млрд тапты.