Елде картоп пен сүт бағасы арзандады
Елде картоп пен сүт бағасы арзандады
Сурет: © РИА Новости / Владимир Астапкович
267
оқылды

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Elorda.info.

Жиын барысында өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендегені белгілі болды. Бағаның ең көп төмендеуі Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,6%), Жамбыл облысында (-0,3%), Шымкент қаласында (-0,2%) тіркелді. Тауарлар бөлінісінде республика бойынша сәбіз (-2,2%), картоп (-0,5%), пияз және рожки (-0,4%), сиыр еті (-0,3%), күріш (-0,2%), сүт және қарақұмық (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты. Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Бағаны төмендету қарқынын арттыру және мереке алдындағы кезеңде барлық қолданыстағы құралдарды қолдана отырып, барынша бақылауды қамтамасыз ету қажет. Тауар интервенциясын уақытылы жүргізу және келісімшарт жасалған көлемдердің жеткізілуін қамтамасыз ету қажет. Мереке күндері тауарлардың жасанды тапшылығына жол беруге болмайды, - деді Асқар Мамин.