Жандарбек Бекшиннің орнына кім келетіні белгілі болды
Жандарбек Бекшиннің орнына кім келетіні белгілі болды
Сурет: almaty.tv
181
оқылды

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова атқаратын болды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұйрығы бойынша, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның қызметтік міндетін орындау Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің қызметінен кететіні хабарланды.