Дәулет Тұрлыханов ҚР күрес федерациясының басшысы болып сайланды
Дәулет Тұрлыханов ҚР күрес федерациясының басшысы болып сайланды
Сурет: sportx.kz
326
оқылды

Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа басшысы болып сайланды, - деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетсек, биыл қазанның басында ҚРКФ кезектен тыс онлайн конференциясында Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа басшысы болып бұған дейін еркін күрес бойынша вице-президент қызметін атқарған Ерлан Қожасбай сайланған болатын. Ол қызметінен кеткен Сауат Мыңбаевтың орнына келген еді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлова мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың атына ашық хат жазған аймақтық федерация басшылары сайлау нәтижесімен келіспеді. Облыстық ұйым басшылары сайлау кезінде болған өрескел заң бұзушылықтарға тоқталып, қайта сайлау өткізуді сұрады. Сайлаудан кейін Ерлан Қожасбай вице-президент Дәулет Тұрлыхановты, Гүзел Манюрованы, Сәкен Мұсайбековті және Данияр Әбілғазинді қызметінен босатқан болатын.