Жасанды шыршалар адамға қаншалықты қауіпті?
Жасанды шыршалар адамға қаншалықты қауіпті?
245
оқылды

Соңғы уақытта Жаңа жыл қарсаңында адамдар табиғи емес жасанды шыршаларды үйлеріне орнатуда. Зеріттеушілердің айтуынша, дәл осы шыршалар адам денсаулығына қауіпті.

Ғалымдардың пікірінше, өрт қауіпсіздігін арттыру үшін өндірушілер материалға қорғасын, қалайы және барий фталаттарын қосады екен. Ресейлік маман Андрей Тяжельниковтың айтуынша,  жасанды шыршалар аллергия тудыруы мүмкін. Аллергиясы бар адамдар жасанды шыршаны орнатпастан бұрын, оны алдымен жуып, құрғатып алу керек.
"Жаңа жылда, өкінішке қарай, аллергиясы бар адамдар үшін қиын уақыт. Өйткені, барлық дәстүрлі жаңажылдық заттар аллергия тудыруы мүмкін. Мысалы, шырша және басқа қылқан жапырақты өсімдіктер. Мұның себебі – шаң-тозаңда, шайырында және эфир майларында. Синтетикалық шыршалар аллергияны одан да үдете түседі, өйткені бәрі бірдей сапалы, қауіпсіз материалдардан жасала бермейді. Егер шырша бір жыл бойы сақтауда жатып қалған болса, оған шаң-тозаңмен қоса ұсақ жәндіктер де қосылады", – дейді Андрей Тяжельников.