БҚО-да республикалық жол жабылды
БҚО-да республикалық жол жабылды
Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды.
БҚО ТЖ департаменті хабарлауынша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 25 желтоқсан күнгі жергілікті сағат 19.05-тен бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолында (4-104 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Сонымен қатар, өңірде тұман түсіп, көктайғақ болатынын, солтүстігінде жаяу бұрқасын көтерілетіні хабарланған. Желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге жетуі ықтимал.