Берік Уәли әлеуметтік желіде Мемлекет басшысының ревакцинациядан қашан өтетіні туралы жазды.
Менің атыма президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19-дан қайта вакцинациялануына қатысты көптеген сауалдар келіп түсуде, – деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылдың қаңтарында қайта вакцинациядан өтуді жоспарлап отыр. Президент біздің халқымыз үшін қолжетімді вакциналардың бірін пайдаланады.