Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жапониялық Риота Муратаға қарсы жекпе-жегі келесі жылдың наурыз немесе сәуір айларында өтуі мүмкін, - деп хабарлайды Elorda.info

«Эдди Хирннің айтуынша, Геннадий Головкиннің Риота Муратаға қарсы жекпе-жегі наурыз немесе сәуірге ауыстырылған сияқты», - деп жазды журналист Майкл Бенсон Twitter-де.
Кездесу енді Жапонияда болмайды. Жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиода өтуге тиіс болатын. Алайда  Жапония билігі коронавирустың жаңа «омикрон» штамына қарсы карантиндік шараларға байланысты кейінге қалдырылды. Бұған дейін Муратаның Teiken промоутері жекпе-жек келесі жылдың көктеміне дейін кейінге қалдырылғанын және нақты күн кейінірек жарияланатынын хабарлады. Жекпе-жек алдында америкалық Boxing News 24 басылымы Геннадий Головкиннің ақша жағдайына қатысты ақпарат таратты. Басылым Celebrity Net Worth мәліметтеріне сілтеме жасап Головкинде шамамен 30 миллион доллары бар екенін хабарлайды.