Қостанайда 5-сынып оқушысы өрттен төрт баланы құтқарды
Қостанайда 5-сынып оқушысы өрттен төрт баланы құтқарды
Сурет: жеке архивінен
221
оқылды

Қостанайда бесінші сынып оқушысы жанып жатқан саяжайдан төрт баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт 25 желтоқсанда түстен кейін Қостанайдағы "Садовод" саяжай үйлерінің бірінен шыққан. Ол уақытта 5-сынып оқушысы Олег Пирог далада ойнап жүрген, кейін қою түтінді байқап, көршілерінің үйі жанып жатқанын көрген.
"Үйдің төбесі отқа оранған екен. Қоршауда тесік болған, содан өтіп, балалар қағып жатқан терезені итердім. Күртешемді шешіп, қарға қойдым, сөйтіп терезеден бір-бірден алып шыға бастады, өйткені есік жанып жатты. Бір баланың үстінде киім жоқ екен, оған шалбар тауып бердім. Төртінші баланы құтқаруға кірмек болғанымда, бір ер адам келіп, өзі кірісті. Адреналиннің күшімен қорқыныш болмады", - дейді бала.
Мектеп оқушысының айтуынша, сол ер адам екеуі көшеде қатып қалған газ баллонын алысырақ қойған. Кейін өртсөндірушілер мен ата-анасы келген. Балалар аман-сау, барлығының жасы екіден сегізге дейін. Олег Пирог Қостанай қаласындағы №22 мектепте оқиды, одан басқа отбасында тағы бес аға-әпкесі бар.
"Оқиға орнында төрт техника, өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 17 адам және қаланың басқа да шұғыл қызметтері жұмыс істеді. Өртсөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты. Құтқарушылар өртті сағат 12.07-де оқшаулап, көрші саяжай учаскелеріне таралу қаупін жойды. Сағат 12.28-де өрт сөндірілді", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі өкілі. Өрттің шығу себебі - пешті дұрыс пайдаланбау.