Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті
Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті
Сурет: ҚазАқпарат

Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 00.05-те 4-шағынаудан 30-үйде болды. Күшті жел («Қазгидромет» мәліметі бойынша екпіні секундына 23 метрге жеткен) бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып түсірген. Үйдің жалпы ауданы - 1260 шарщы метр. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы жұмыс жасап жатыр. Үй 1991 жылы салынған. 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. ПИК балансында тіркелмеген. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жолда шектеу қойылғанын жазған болатынбыз. Қазіргі кезде өңірде бірнеше жол жабық.