Несиесін төлегісі келмеген Павлодар облысының тұрғыны полицияға барды
Несиесін төлегісі келмеген Павлодар облысының тұрғыны полицияға барды
Сурет: depositphotos.com
225
оқылды

Павлодар облысының тұрғыны кредит төлегісі келмей, банктен қарыз алмағанын мәлімдеді. Бұл әрекеті үшін ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Ертіс ауданының полиция бөліміне Ертіс ауылының тұрғыны танымайтын адам ақпарат жүйелерінің көмегімен оның атына екі несиелік қарыз ресімдегені туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Алайда тексеру кезінде тәртіп сақшылары кредитті арызданушының өзі алғанын анықтады.
"Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша қылмыс жасағаны туралы жалған хабар беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 4 000 АЕК (11 668 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру да қолданылуы мүмкін.