Мереке қарсаңында әлем бойынша бес мыңнан астам рейс тоқтатылды
Мереке қарсаңында әлем бойынша бес мыңнан астам рейс тоқтатылды
Сурет: © REUTERS / Andrius Sytas

Бүкіл әлем бойынша әуе компаниялар "Омикрон" штамына байланысты жаңа жылдық мерекелерде бес мыңнан астам рейсті тоқтатты, - деп хабарлайды CNN басылымы.

Басылымның мәліметінше, ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды. АҚШ-та олардың саны Рождество күні 1,7 мыңға азайды. Шешім қызметкерлер арасында жаңа штамды жұқтыру санының артуына байланысты қабылданды. АҚШ көлік қауіпсіздігі басқармасы тұрғындардың қауіп-қатерге қарамастан саяхатқа шығатынын айтып отыр. Мәселен, 23 желтоқсанда елдің әуежайларында 2,1 миллионнан астам жолаушы тіркелген. Бұған дейін халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) медициналық сарапшысы Дэвид Пауэлл ұшақта коронавирус жұқтыру қаупі жаңа омикрон штамына байланысты екі-үш есе артқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, соңғы апталарда COVID-19 жаңа штамы бүкіл әлемге тез таралуда, ал Жаңа жылға дейін ұшақ жолаушыларының саны едәуір артатыны анық.