Боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
359
оқылды
Алматы облысында бұрқасынға байланысты жол жабылды.
«Алматы облыстық «ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтодор» ұлттық компаниялары филиалдарының мәліметінше, бүгін сағат 11:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың тұман, жолдың көрнбеуі нөлге тең) «Алматы – Өскемен» республикалық тасжолы (Қапшағай қаласы - Сарыөзек ауылы 76-161 шақырым) барлық автокөлік түрі үшін жабылды»,- делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кеше сағат 20:00-ден бастап «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы (34-118 шақырым, Төңкеріс - Лавар ауылы) ауа райының нашарлауына байланысты жабылған еді.