27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: inbusiness.kz

«Қазгидрометтің» болжамынша, бүгін қар жауады. Солтүстік, батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста таулы аудандарда жаяу бұрқасын, дауыл күшейеді, тұман болады. Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын тұрып, тұман түседі, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысында түнде жел екпіні 15-20 м/с, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болып, екпіні күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі, шығысында, орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының шығысында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ, орталығында тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында желдің жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі, Алакөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.