Семейде пойызда әйелді зорлауға оқталу дерегі бойынша тексеру басталды
Семейде пойызда әйелді зорлауға оқталу дерегі бойынша тексеру басталды
Фото: newtimes.kz
140
оқылды

Семей станциясында пойызда әйелді зорлауға оқталды деген күдікпен тексеру басталды. Бұл туралы Arnapress.kz хабарлады.

Дереккөздің жазуынша, полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, факті Семей станциясында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл іске қатысты өзге мәліметтер ҚК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Бұған дейін тек қана әйелдерге арналған вагондар жолға шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.