Астанада үш көшеде ең жоғары жылдамдық төмендетілді
Астанада үш көшеде ең жоғары жылдамдық төмендетілді
Фото: esquire.kz
267
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, астанада үш көшеде ең жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін төмендетілді. Себебі, жол апаты жиілеген.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтандағы әл-Фараби даңғылында Пушкин көшесінен Р. Қошқарбаев көшесіне дейінгі аралықта жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендетілді.
«Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тас жолы бойындағы Күйгенжар тұрғын алабынан қала шекарасына дейін, Тұран даңғылының бойымен Қарқаралы тас жолынан Ұлы дала даңғылына дейін 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін ең жоғары жылдамдық төмендетілді.

«Сергек» камералары көліктің жылдамдықты асыруын тіркеу ертең, яғни 28 желтоқсаннан басталады.