Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды.
Бүгінгі мәлімет бойынша 17 619 адам коронавирустан (-15 533+ және 2 086 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 2 813 науқас стационарда, 14 806 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 225 адамның жағдайы ауыр,
- 71 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 53 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны 986 мыңнан асты.