Ақтауда 2,5 миллион теңгеге орнатылған әткеншектерді қиратып кетті
Ақтауда 2,5 миллион теңгеге орнатылған әткеншектерді қиратып кетті
Фото: lada.kz
139
оқылды

Ақтауда әлі құрылысы аяқталмаған, жаңадан орнатылған әткеншектерді бұзақылар қиратып кеткен.

Lada.kz-тің жазуынша, Ынтымақ алаңында бақылау камералары жұмыс істесе де, бұзақыларды полицейлер әлі таппаған. Ал қала әкімдігі «Әткеншектердің» әлі балансқа қабылданбағанын айтты.

«Сынған әткеншектерді Clover media group ЖШС қайта қалпына келтіреді», – дейді әкімдік өкілі.

«Әткеншектер» шағын архитектуралық кешенінің құны – 2 553 441 теңге.

Бұған дейін Ақтауда жасанды қызғалдақтарды сындырғанын жазған болатынбыз.