Жаңажылдық шыршадан шыққан өрт: екі баланы көршісі құтқарды
Жаңажылдық шыршадан шыққан өрт: екі баланы көршісі құтқарды
Фото: ТЖД-нен алынды
140
оқылды

Кеше сағат 10:36-да құтқарушыларға Талдықорған қаласы «Болашақ» шағынауданында 5-қабаттағы пәтер өртенді деген хабар түскен. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нен 16 қызметкер мен 6 техника жіберілді. Пәтерде жасанды шырша мен жиһаз өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін көршісі Әлішер Еріков екі баланы пәтерден шығарып, өртті сөндірген.  width= Өрттің шығуына жаңажылдық шыршадағы токқа қосылған электр гирляндасының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Бұған дейін төрт баланы өртенген үйден алып шыққан оқушы туралы жазған болатынбыз.