Алматыда есірткі дайындау үшін пәтерді бір тәулікке жалға алғандар сотталды
Алматыда есірткі дайындау үшін пәтерді бір тәулікке жалға алғандар сотталды
Фото: ser-per.kz
110
оқылды

Бірінші үкім мефедрон өндірісін есірткі өткізу мақсатында ұйымдастырған 24 жастағы Х. Исламов және 25 жастағы С. Епифановқа қатысты. Екеуі есірткіні бір реттік дозаға бөліп, сату арқылы ақша табуға тырысқан. Сол үшін пәтерлерді бір тәулікке жалға алып отырған.

Саяжайды тінту кезінде полицейлер мефедрон ерітіндісін, есірткі дайындайтын құрал-жабдықтарды тапқан. 4 келі есірткіні тәркіледі. Ірі көлемде есірткі дайындаған Х. Исламов пен С. Епифановтың әрқайсысы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Екінші үкім 27 жастағы алматылық М. Шевцовқа шықты. Ол да сату үшін мефедрон дайындаған. Оның жалға алған пәтерін тінту барысында ірі мөлшерде есірткі табылды. 200 грамм дайын есірткі тәркіленді. Шевцов 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Екі үкім де заңды күшіне енді. Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары абақтыда өтейді.

Бұған дейін Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінде тәулікке жалға берілетін пәтерден 18 жастағы қыздың мәйіті табылған еді.