5000 - 30 000 теңгеге сыйлық
Іскер немесе спортқа жақын танысыңызға смарт-сағат таптырмас сыйлық болушы еді. Оны қазір көптеген онлайн-дүкендерде жеңілдікпен сатып жатыр. Орташа сападағы сағатты шамамен 30 мың теңгеге табуға болады. [caption id="attachment_177246" align="aligncenter" > Фото: Lifehacker.ru[/caption] Рюкзак Үнемі ноутбук, планшет немесе кітап көтеріп жүретін достарыңызға осындай рюкзак сыйласаңыз қуанып қалушы еді. Мұның өзгешелігі – қауіпсіздігінде, оны қоғамдық көлікте ешкім оңайлықпен аша алмайды. Бағасы шамамен 20 мың теңгеге дейін барады. [caption id="attachment_177250" align="aligncenter" > Фото: Lifehacker.ru[/caption] Ирригатор және электр тіс щеткасы Ирригаторды тісіне брекет таққан адамдар ғана пайдаланбайды. Ол кез келген адамның ауыз қуысын мұқият тазартуға көмектеседі. Электр тіс щеткасы әдеттегіге қарағанда ауыз қуысын сапалы тазалайды. Мұндай сыйлық алған кез келген адамның қуанары анық. Оны онлайн-дүкендерден немесе дәріханалардан 5000 – 30000 теңге аралығындағы өзіңізге қолжетімді сомаға сатып алсаңыз болады. [caption id="attachment_177254" align="aligncenter" > Ирригатор. Фото: Lifehacker.ru[/caption] [caption id="attachment_177261" align="aligncenter" > Электр тіс щеткасы. Фото: Сhipstock.ru[/caption] Жаңажылдық жемпір Жаңа жыл атмосферасын сезіндіру үшін жақыныңызға жемпір сыйласаңыз болады. Мұндай сыйлық жыл сайын сәннен түспейді әрі бағасы да қолжетімді. Бағасы 5 мың теңге көлемінде болады. [caption id="attachment_177241" align="aligncenter" > Фото: Еsquire.ru[/caption] Армандар картасы немесе 2022 жылға арналған күнделік Жаңа жыл жақындағанда көпшілігі мақсаттарын айқындап, жаңа жоспар құрып, армандарын жазуды әдетке айналдырған. Ал оны жүйелеуге көмектесетін нәрсе – армандар картасы. Бұл – кейінгі жылдары психологтар қолдап жүрген әдіс. Картаға әр адам арман-тілегін жазады немесе бейнелейді. Сонымен бірге жоспар құру үшін жүйелі дайындалған күнделік сыйласаңыз болады. [caption id="attachment_177239" align="aligncenter" > Фото: Canva.com[/caption] Power Bank қуаттағыш Power Bank қуаттағыш – смартфоны бар әр адамға қажет дүние. Сондай-ақ қазір бұл гаджеттің сыртына сыйлық иесінің есімін немесе логотипін жазып беру мүмкіндігі де бар. [caption id="attachment_177274" align="aligncenter" > Фото: Оzon.ru[/caption]30 000 - 50 000 теңге
Ас үй гаджеті Кейде сыйлық ең қажет, мұқтаж болған зат қана емес, ол – өз қаржыңызды қимайтын, бірақ алғыңыз келетін зат болуы мүмкін. Сондай заттардың қатарына таңғы ас пен жеңіл тағамдар әзірлеуге арналған мынадай гаджетті жатқызуға болады. Оның онлайн-дүкендердегі бағасы 40 мың теңге көлемінде болады. [caption id="attachment_177251" align="aligncenter" > Фото: Lifehacker.ru[/caption]Электр гриль
Бұл да соншалықты қажеті жоқ зат сияқты, бірақ бәрібір үйіңізде тұрғанын қалар едіңіз ғой?! Электр гриль көмегімен үйде ет, балық және көкөніс пісіруге, шұжық қуыруға болады. Бұл құрылғы ас дайындай алмайтын кез келген адамды аспаз ете алады. Бағасы 40 мың теңге көлемінде болады. [caption id="attachment_177271" align="aligncenter" > Фото: Lifehacker.ru[/caption]50 000 - 70 000 мың теңге
Сертификат Қазір көпшілігінің жұмысы немесе оқуы компьютерге байланысты. Олар үшін денсаулығын қалпына келтіруге көмектесетін кез келген сыйлық құнды. Мысалы, массажға, СПА-ға, стоматологқа сертификат беріңіз, тіпті бірнеше сеансқа алсаңыз да ұтымды шешім болады. Жалпы кез келген мекеме, ұйым мерекелік сертификат жасап бере алады. Сұлулық салоны, медицина орталықтары, киім-кешек дүкені және тағы басқа.70 000 - 100 000
Смартфон Смартфон – сәннен қалмайтын сыйлық. Оның үстіне пандемияға байланысты әлі де онлайн жұмыс істеп жүргендер бар. Оқушылар мен студенттер де қашықтан оқиды. Бұл – қазір флеш-жадысы үлкен, бейнекамерасы жақсы жаңа телефон артық етпейді деген сөз. Мұндай сыйлықты ата-анаңызға, іні-қарындасыңызға, тіпті ата-әжеңізге де ойланбастан беруге болады. [caption id="attachment_177273" align="aligncenter" > Фото: Мobcompany.info[/caption] Ақылды колонка Қазір ересек адам үшін де, балалар үшін де идеал сыйлық – ақылды колонка. Себебі үйдегі жасанды интеллект адамның әр тапсырмасын орындаса, кімге де жайлы атмосфера сыйлайтыны анық. Ол, тіпті, иесінің уақытын үнемдеуге де көмектеседі, теледидардың дыбысын реттей алады, шәйнекті электр энергиясына қойып, кондиционердің температурасын реттейді, жолдағы кептеліс туралы айтады, оңтайлы маршрут жасайды, қажет болса, оятқыштың рөлін атқарады. Ол тіпті кішкентай балалармен де жақсы тіл табысады. Танымал нұсқалардың бірі – Яндекстің ақылды Алиса колонкасы. [caption id="attachment_177278" align="aligncenter" > Фото: Rozetked.me[/caption]