Халық Құрмет Талапқазыға баспана алып берді – видео  
Халық Құрмет Талапқазыға баспана алып берді – видео  
289
оқылды

Журналист Мақсат Толықбай елден ақша жинап, биыл қуаңшылықтан малы қырылған шаруалар үшін шөп шапқан Құрмет Талапқазыға үй алып бермек. Бұл туралы журналист Facebook-тағы парақшасында жазды.

Журналистің бастамасымен елден 9 миллион теңгеге жуық қаражат жиналған. Оған қосымша «Асылтас» қоры 9 миллион теңге қосты.

«Еңбегімді бағалап жатқан қарапайым халыққа, ел ағаларына алғысымды айтамын», – деді Құрмет Талапқазы.

  https://www.youtube.com/watch?v=b6H9nC5S7As&feature=youtu.be&ab_channel=AikynGazeti

Бұған дейін ел үшін еңбек еткен Құрмет Талапқазы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің араласуымен университетке тегін оқуға қабылданған еді.

"Адал" партиясы Құрмет Талапқазыға 2 миллион теңгенің сертификатын табыстаған болатын.    width=

Бұған дейін мал қырылып жатқанда Ауыл шаруашылығы министрлігін Есіл өзенінің оң жағалауынан сол жағалаудағы Министрліктер үйіне көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалғанын жазған болатынбыз.