Бұған дейін әлеуметтік желіде балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің видеосы таралған еді.
Видеоға қатысты полиция тексеруді бастады. Полиция департаментінің дерегінше, бұл факті Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.«Іс материалы Жетісу аудандық полиция бөлімі өндірісінде қаралып жатыр. Тергеуден соң тәрбиеші заң аясында жауапқа тартылады» делінген Полиция департаментінің хабарламасында.Ескерту! Видеода адамгершілікке жат, бей-берекет көріністер бар.
Бейнежазба журналист Ирина Советжанқызының Instagram-дағы парақшасынан алынды.
Бұған дейін Алматы облысында балабақшада көз жұмған 4 жасар қыз туралы жазған болатынбыз.