Алдағы екі-үш күнде -32 градус аяз болады
Алдағы екі-үш күнде -32 градус аяз болады
Фото: fromua.news
134
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 28-30 желтоқсан аралығында ауа температурасы күрт төмендейді.

Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстік, солтүстік-батыс және шығысына әсер етеді. Соның салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Суықтан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана құбылмалы ауа райы сақталады. Термометр бағаны түнде солтүстікте 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.