Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президентке министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді. Атап айтқанда, жаңа жылдан бастап төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін жеткені және тағы 591 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өсетіні жөнінде айтылды.