Елордада азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін ауқымды жұмыс жүргізілді

Елордада азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін ауқымды жұмыс жүргізілді

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Ірі сауда желілеріне «айналым тетігі» бойынша қарыздар бөлінеді, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жүйелі түрде өткізіледі, өңірлердің фермерлерімен шарттар жасалады және т.б. Аталған барлық шара алғашқы қажетті азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында 2021 жылғы жұмыстың нәтижелері туралы айтылды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 2019 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 8,6 млрд теңге бөлінді, бұл республика өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, «айналым тетігі» бойынша 24 кәсіпкерлік субъектіге қарыз берілді, ал бұл өз кезегінде қаланың ірі сауда объектілерінде ӘМАТ-тың 19 позициясының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді: AQMOL, Мagnum, «Астықжан», «Вкус март», Metro. Бұдан басқа, басқарма Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының тауар өндірушілерімен төмендетілген бағаға 15 мың тонна көкөніс жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасады. Өнімді сату "Вкус Март", "Анвар", "Астықжан", AQMOL, "Аян" және Мagnum сауда объектілерінде жүргізіледі, осылайша делдалдарсыз "алаңнан сөреге дейін" тетігі іске асырылады. Бүгінгі таңда осы орындардағы көкөністердің бағасы: картоп – 95 тг/кг, сәбіз – 88 тг/кг, қырыққабат – 84 тг/кг, пияз – 84-89 тг/кг. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік орталығының тағы бір "тұрақтандырушысы" ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері болды. Барлық өңірдің тауар өндірушілері өз өнімдерін төмендетілген бағамен тікелей алып келді. Бұл ретте бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен болды. Маусым аяқталғаннан кейін елордада 950 тауар өндірушінің қатысуымен 15 жәрмеңке өткізілді, 5 мың тоннадан астам өнім сатылды. Бүгінде астаналықтарға ыңғайлы болу үшін қаланың әр ауданынан жыл бойы жәрмеңкелер өткізетін павильондар желісі құрылуда. Барлығы 8 павильон салынады (әр ауданда 2 павильон). Біріншісі Пригородный елді мекенінде ашылды, қалғандары 2022 жылдан бастап ашылады. Айта кету керек, әкімдік негізгі азық-түлік өнімдеріне апта сайын мониторинг жүргізеді: «Шапағат», «Артем», «Шарын», «BIG Шанхай» «Столичный рынок», «Алаш», «Гульжан» СҮ, «Азат» СҮ, «Әлем» СҮ; «Вкус Март», «Small», «Анвар», Magnum cash & carry» сауда желілері, «Астана мир вкуса», «Кеңмарт» және т.б.