Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
124
оқылды
Ақтөбе облысында жаяу жүргіншіні қағып, көлігін жасырған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 24 желтоқсанда сағат 19:40 шамасында Ақтөбе-Орск автожолындағы аялдамаға жақын жерде белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Көлік иесі ізін жасырып үлгерген. Соққы салдарынан егде жастағы жаяу жүргінші жансақтау бөліміне жатқызылды. 26 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жүргізуші өз кінәсін толығымен мойындады. Үлкен жылдамдықпен келе жатып, жаяу жүргіншіні байқамағанын айтқан. Жол апатынан кейін қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Ол көлігін орман алқабына тығып қойғанын мойындады.