Шымкенттік тұрғын мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген
Шымкенттік тұрғын мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген
156
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шот-фактура жасаған Шымкент тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі, – деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына "Мейір құрылыс", "Тыныштық 2018", "Элит Капитель", "Магма-2018", "Ашимов и Ко", "AlatauK", "S-Industry", "Бес қасқа", "Жорға 2019", "Интертранссервис-2020", "Eхcellent", "Угам 2018", "005", "Эверест К" ЖШС деген 14 кәсіпорынды тіркеген.
"Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін құрылған. Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді" делінген хабарламада.