Алматы облысындағы жол апаты: оқиғаға байланысты іс қозғалды
Алматы облысындағы жол апаты: оқиғаға байланысты іс қозғалды
222
оқылды

Алматы-Қорғас тас жолындағы ірі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

"Жолдарды пайдалану және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 353-бабы "Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іспен Алматы облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы айналысады. Факт бойынша сараптамалар тағайындалды. Уәкілетті органдарға тиісті сауалдар жолданды. Сондай-ақ, істі дұрыс шешу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.