Белгісіз біреулер америкалық боксшыны атып кетті
Белгісіз біреулер америкалық боксшыны атып кетті
133
оқылды
Супер ауыр салмақтағы боксшы кіші Дэнни Келлиді (10-3-1, 9 КО) өз көлігінде атып кетті. Қайғылы оқиға кезінде көлікте оның үш баласы мен әйелі болған. Оқиға 24 желтоқсанда Мэриленд штатындағы Темпл-Хиллз қалашығында болған. Полицияның мәліметінше, боксшы көлігінің қасына тағы бір көлік тоқтап, жүргізушісі оқ жаудырған.  Дәрігерлер боксшыны аман алып қала алмады. Ал әйелі мен үш баласы жарақат алмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, мемлекеттік полиция қылмыскерді іздестіруде. Қылмыскерлер туралы ақпарат айтқан адамдарға 25 мың доллар сыйақы берілетіні айтылған. Дэнни Келли кәсіпқой рингте ауыр салмақта 14 жекпе-жек өткізіп, он жеңіске жеткен. Ол соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында өткізген. Америкалық өз отандасы Ник Киснерді техникалық нокаутпен жеңген.