Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты – видео
Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты – видео
Фото: ПД-нен алынды
163
оқылды

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше сағат 21:40 шамасында Жамбыл ауданында Самсы мен Ақтерек ауылының арасында болды.

Van Hool жолаушылар автобусы мен Mercedes Benz автокөлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алды. Жол ережесін сақтамаған жеңіл автокөлікте 6 адам болған. «Алматы–Бішкек» тас жолының 108-шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ?? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Mercedes-Benz көлігінде болған үш адам оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған қалған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Ал автобустағы жолаушылар зардап шекпеген.

Бұған дейін көлігімен адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.