Үздік ұстаздарға құрмет көрсетілді
Үздік ұстаздарға құрмет көрсетілді
203
оқылды

Қызылорда облыстық мәслихатындағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық Кеңес төрағасы Гүлнар Есқалиева жыл қорытындысы бойынша үздік ұстаздарды марапаттады.

Биылғы жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен есте қалды. Егемендіктің үш он жылдығында аймағымыз толайым табыстарға қол жеткізді. Осы орайда, жарқын жетістіктер мен нәтижелі еңбекті мадақтап, қолдау мақсатында салатанатты шара болып өтті. Шарада Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира және Қызылорда облыстық мәслихатындағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық Кеңес төрағасы Гүлнар Есқалиева білім саласының ардагерлерін, «Жыл үздіктерін», білім беру саласындағы  нәтижелі еңбегі және білім беру ұйымында ұжымын толық жүктемемен қамтыған  әлеуметтік әріптестер мен майталман ұстаздарға түрлі деңгейде марапаттар табыс етті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен Серікбаев Ғани Карбозұлы және Айтимова Райхан Кенжебайқызы марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білімберу ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Сыздықова Жанна Құрмантайқызы марапатталды. Әрі қарай қатысушыларға «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін жергілікті ерекшелік белгісі», ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісі, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісі,    Қазақстан салалық білім және  ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасы табыс етілді. Сонымен қатар, басқарма басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы және комитет төрағасы Гүлнар Бабабекқызы республикалық байқау жүлдегерлеріне арналған «Жыл үздігі» және жыл қорытындысы бойынша «Білім жанашыры», «Жыл жаңалығы», «Қуатты қалам», «Жаңалық жаршысы», «Білім шыңы», «Зерделі зейін», «Ақпарат үздігі» арнайы номинацияларын табыс етті.

Жиын соңында марапат иелерін мерейлі мерекемен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.