Алматыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар
Алматыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар
Фото: sputnik.kz

Алматы қаласы Медеу ауданында Тәтібеков пен Серпер көшесінің қиылысында екі автобус соқтығысты. Екі автобустан 20-ға жуық адам зардап шекті, – деп жазады sputnik.kz.

Куәгерлер мен №4 автобус жүргізушісінің айтуынша, №4 автобус аялдамада тұрған. Сол уақытта №203 автобус жоғары жылдамдықпен қозғалған.  width= Серпер көшесінен өткен соң жүргізуші аялдамада тұрған автобусты айналып өтпек болған. Бірақ №203 автобус жүргізушісі сол жақтағы көлікті байқап,  жеңіл көлікпен соқтығыспау үшін рульді оңға бұрып, №4 автобусты соқты.

Жүргізушілер автобус әйнегін сындырып, жолаушыларды сыртқа шығарды.