«11 жылдан кейін баламның дауысын естіп отырмын»: көпбалалы ана үмітін бір сәт үзген емес
 «11 жылдан кейін баламның дауысын естіп отырмын»: көпбалалы ана үмітін бір сәт үзген емес

Есікті ашып, кіргеніміз сол еді, артымыздан іле-шала бала көтерген ер азамат та ішке қарай ентелей кірді. Бір шетке ығысып, балалы ер кісіге жол бердік. Ол бірден баласын дәліздегі диванға жатқызып, сырт киімін шеше бастады. Сол кезде арғы жақтан орта жастағы әйелдің «Бізге Жарас келіпті ғой. Қалың қалай?» деген дауысы естілді. Сөйтсек, ол кісі осы жердің әкімшісі екен. «Бұл жігіттің тіл қатпағанына мән бермеңіз, тілі мүкіс, сөйлемейді. Жұмыспен қамту орталығы жіберген, бізде жұмыс істейді», – деді әлгі әйел ер азамат туралы. Ал кішкентай Жарас осы орталықта ем қабылдап жүрген бала екен. Жасы – 7-де, диагнозы – аутизм.

[caption id="attachment_177405" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Біз келген мекеме – мүгедектігі бар балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсететін «Балам-ай» орталығы. 2011 жылдан бастап ұйым Нұр-Сұлтан қаласындағы Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Қазір қала бойынша төрт филиалы ашылған. [caption id="attachment_177406" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Ал оның біреуі – ересектерге арналған. Сарыарқа филиалының директоры Сандуғаш Сейдахметованың айтуынша, Асқар Тоқпанов, 60 мекенжайындағы филиал тәулік бойы жұмыс істейді. Психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан азаматтарды қабылдайды. Ал қалғаны 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған күндізгі бөлім. [caption id="attachment_177407" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] – Он жыл ішінде жеткен жетістігіміз аз емес. Сал аурумен ауыратын 15 бала аяғына тұрып, жүре бастады. Сол секілді церебральді параличі (БЦП) бар тағы 30 бала мен Даун синдромымен ауыратын бала түзету сыныбына өтті. Ал психологиялық ауытқуы бар үш адам Kunde кафесіне жұмысқа тұрды. Жалпы, біздің осы филиалдың өзінде қазір 46 бала бар. Олардың әрқайсымен логопед, дефектолог, психолог, эрготерапевт, музыкотерапевт, глинотерапевт, изотерапевт, ЛФК нұсқаушы, войтотерапевт, бобат-терапевт, хореограф, ABA-терапевт секілді мамандар айналысады. Екіншіден, ата-аналар балаларын осында әкеп, алаңсыз өз жұмысымен айналысуына мүмкіндік туады, – дейді Сандуғаш Маратқызы. [caption id="attachment_177408" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Заманауи құрылғымен жабдықталған орталықта бүкіл ем тегін жүргізіледі. Баласын сырқатынан айықтыру үшін кез келген  ата-ананың аянып қалмасы анық. Сондай жанның бірі – Анар Сабыралиева. «Елордада аутизмді емдеуге мүмкіндік көп» деп, Қарағандыдан арнайы көшіп келген. [caption id="attachment_177409" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] – Бір жылдың ішінде бала орнықты бола бастады. Негізі өзі тынымсыз, жыбырлап бір орнында отырмайтын. Сөзіңді де түсінбейтін. Қазір теледидар, ұялы телефонға қарап, жақсы әуен естісе, тербеліп билейді. Отыра қалса, пазл құрап, заттарды ажыратып, айтқаныңды түсінеді. Әкесі екеуміз оның сөйлеуге икемделіп жатқанын естіп, қуанышымызда шек жоқ, – деді ол. [caption id="attachment_177410" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Оның айтуынша, баланың сырқаты жөнінен қажетті құжаттарды жинап, Халыққа қызмет көрсету орталығына апарып тіркелген. Артынан «Балам-ай» орталығына жолданған. «Туғанда ұлымның тек бүйрегі ауыратын. Бір жарым жасқа дейін соны емдедік. Сол уақытта ол «мама», «папа» деп айтатын. Онға дейін санап, айтқаныңды түсініп, тамағын ішетін. Кейін бір айынан бастап екі жасқа дейінгі салынатын екпенің бәрін алты айдың ішінде алдық. Ешкімді кінәламаймын, бірақ осы кезде баламның ыстығы көтеріліп, қатты ауырды. Үйренген бүкіл дағдысын ұмытты, тамағын да жемейтін болды. Үш жасында бір де бір сөз айтпай, сөйлеуді доғарды. Невропотологқа барғанымызда «маған емес, психиатрға апарыңыздар» деді. [caption id="attachment_177411" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Психологиялық орталықта анализ тапсырып, ауруханаға жатып, 4 жасқа дейін ем қабылдадық. Ақырында мүгедектік алдық. Бұл диагнозға көндіккенімен, оған мойымаймын. Ресейлік мамандардың аутизм бойынша өтетін қосымша курстарына қатысып, үйреніп жатырмын. Келешекте қандай да бір қабілеті ашылып, танылып шығады дегенге сенемін», – дейді Жарастың анасы. [caption id="attachment_177417" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Ал көпбалалы ана Сая болса, баласын орталық ашылған күннен әкеп жүргенін айтты. Ол кезде Рауанның жасы 3-те болған. Оның диагнозы – церебральді паралич, эпилепсия, аутизмнің кейбір белгісі тағы бар. Сондықтан балалардың ішіндегі жағдайы ең қиыны Рауандікі еді. бала – Баламның бір басында бірнеше ауруы бар. Сол жағының қол-аяғы жұмыс істемейтін. Алақанын ашып, қолы жазылмай тырысып қалатын. Массаж бен ЛФК-ның арқасында балам түйген жұдырығын ашып, қолын алдына алып, тізеге қоя бастады. Директор орталықта жоқ ЛФК-ны алдырып, ақысын өзі төлеп емдетті. Эпилепсия болғанда Рауанды басу үшін тыныштандыратын дәріні салдық. Шыны керек, беріге дейін салып келдік. Сөйтсем, ол дәрі баламның дамуын тежейді екен. Салдарынан ол ештеңеге қызықпай, енжар болып кетті. Психолог-дефектологтың айналысуымен өмірге қызығушылығы оянып, көрсетіп айтқан дүниеңе көңіл бөліп, мән беріп, тыңдай бастады, – деді Сая. [caption id="attachment_177420" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Оның сөзінше, Рауанның 1 жас 8 айында ұстамасы ұстап ауырған күннен бастап, құлағының естуі нашарлаған. Уақыт өте 3 жасында оның құлағы мүлдем естімей қалған. Қайта-қайта ауырғаннан еш аурухана емдеуге алмаған, қажетінде ота да жасалмаған. Соған қарамастан орталықтың негізін қалаушы Қамқа Мәдиқызы көзі тірісінде Рауанды өзі қабылдап, емдеткен. Бүгінде марқұмның ісін қызы Әсел Рамазанова жалғастыруда. Қазір ол он төртке толды. [caption id="attachment_177421" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] – Орталық қайда көшсе, біз сонда барып жүрдік. Күні бойы жұмыстамыз, балаға ден қоятындай уақыт та тапшы. Ал орталықта баламды саябаққа апарып, серуенге шығарады. Тамақты өзі ішіп, киімін кие алатын жағдайға жетті. Бір нәскиін киюді тәрбиешілер күніне екі сағаттан отырып үйреткен. Жақында Рауан ым-ишарамен оқи бастады. Нәтижесінде, ұлым «мама», «папа», «қош келдіңіздер» деп білдіретін жағдайға жетті. [caption id="attachment_177422" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Оның үстіне, Tomatis  құрылғының 10 күндік емін қабылдағаннан бастап, ұлымның халі жақсара түсті. Алғашқы емнен-ақ мүлдем үні шықпаған балам дыбыс шығара бастады. Тіпті, әннің ырғағына салып айқайлайтын болды.  «Балам опера айтып жатыр» деп мәз боламыз. Қанша жылдан бері балаңның дауысын есту – біз үшін үлкен қуаныш. [caption id="attachment_177423" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Даусына назар аударатынымызды түсініп, соған қуанып, кәдімгідей ыржалақтап күледі. Бұған дейін жай ғана жымиғанын күлкісі деп қабылдаппыз. Бұрын үйреткен нәрсеңді күнбе күн қайталап отырғанның өзінде ұмытып қалатын. Қазір Рауан сандарды, түстерді ажырата алады. Жақсылықтың бәрі осы жандардың арқасы. Мұндай жақсылықты ағайын-туғанымнан көргенім жоқ. Осындай аяулы жандармен жолықтырғаныма Аллаға шүкірлік етемін, – дейді ол. [caption id="attachment_177424" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Көпбалалы ана Сая Tomatis бойынша ем қабылдамақ болып «Жұлдыз-ай» орталығына барған. Онкүндік ем 150 мың теңгеге бағаланған. Ал «Балам-айда» ем тегін жүрген. Маманның пікірінше, ерекше балалармен жұмыс істеуге арналған таптырмас құрал. Tomatis құрылғысын ойлап тапқан лор дәрігер Альфред Томатис екен. Оның әкесі опера әншісі болыпты. Бірде әкесі дауысын жоғалтқан кезде қалпына келтіру үшін осыны ойлап тапқан. [caption id="attachment_177425" align="alignnone" width="1200"]бала ©Радмир Фахрутдинов[/caption] –  Мұнда әуен құлақ пен бас-сүйек арқылы фильтрден өтіп, миға беріледі. Әсіресе БЦП-мен ауыратындардың қимыл қозғалысын, тыңдауы бейімділігін реттейді. Бала әуен тыңдай отырып, сурет салып, пластилинмен ойнай алады. Осы арқылы баланың өрісін дамытуға тырысамыз. Процедура әр баланың жағдайына қарай белгіленеді. Мысалы, Абзал Мәделиев деген баламыз бар. Ол бір орнында тапжылмастан отырған емес. Сондықтан оның емі 5 минуттан басталған. Қазір ол 40 минутқа дейін отыра береді. Оған қоса, классикалық музыка тіл үйренуге де көмегі бар. Тіпті, аяғы ауыр әйел іштегі баласына өзін тыңдата алады. Негізінен құрылғыны 40 минуттан 1 сағат 20 минутқа дейін пайдалануға болады,  – дейді маман Әсия Жексембаева.