«Jas Otan» өкілдері Жаңа жыл қарсаңында 118 ерекше баланың тілегін орындады
«Jas Otan» өкілдері Жаңа жыл қарсаңында 118 ерекше баланың тілегін орындады
159
оқылды
Елордада «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты, «Biz Birgemiz» жалпыұлттық қозғалысы мен «Хан Шатыр» СОО іске қосқан «Arman Ağaşy» акциясы сәтті аяқталды. Акция бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ. Биыл ұйымдастырушылар «Нұрлы жүрек» КММ-дегі ерекше қажеттілігі бар 118 баланың тілегін орындады. Акцияның басты мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ауыр сырқаты мен мүгедектігі бар балаларға жаңа жыл алдында мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың тілектерін орындау.
«Біз үшін «Arman Ağaşy» – бұл Жаңа жыл қарсаңында өткізілетін ерекше акция. Биыл біздің әріптестеріміздің, «Nur Otan» партиясының мүшелері мен елорда тұрғындарының көмегімен 118 баланың тілегі орындалды. Көбінесе балалар үстел ойындарын, қуыршақтарды, машиналарды, конструкторларды, роботтарды сұрайды. Бүгін осы сыйлықтардың барлығы мерекелік ертеңгілікте тарту етілді», – деді «Jas Otan» ЖҚ төрағасының орынбасары Асылжан Бүркіталин.
 Айта кету керек, акция бір ай бұрын іске қосылды және оған кез-келген адам қатысты. Жасотандықтар балалардың тілектерін жинап, конверттерге салып, жапырақтардың орнына «Хан Шатыр» СОО-дағы «Тілектер ағашына» (Дерево желаний) іліп қойды. Барлық сыйлықтар таратылып, балаларға аниматорлардың қатысуымен мерекелік атмосфера сыйлады.